Париждің 1-ші аймағы, Arrondissement du Louvre — Париж қаласындағы ең көне муниципалды аймақтарының бірі. Quartier des Halles аймағының құрамына кіретін орамдарының бірі, өз бастауын Орта ғасырлардан алады. thumb|230px|1-ші аймақтың кескіні

Географиялық орналасуы 1-ші Париж аймағы негізінде Сена өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан, бірақ Сите аралының батыс жағы да аймақтың құрамына кіреді. Аймақтың ауданы 183 гектарды құрайды. Бұл Париждегі ең кішкентай аймақтардың бірі. Солтүстікте 2-ші аймақпен шектес, батыста 8-ші, оңтүстікте (қарама-қарсы жағалау) 6-шы және 5-ші, шығыста 3-ші және 4-ші муниципалды аймақтармен шектес.

Халқы 1999 жылдың халық санағы бойынша 1-ші аймақтың халық саны 16 888 адамды құрады. Халық тығыздығы 9 228 адам/км². Бұл Париж қаласының 0,8 % тұрғындарын құрайды. thumb|right|265px|1-ші аймақтың картасы Жыл Халқы 1861 89 519 1962 36 543 1968 32 332 1975 22 793 1982 18 509 1990 18 360 1999 16 888

Орамдар

1-ші аймақтың құрамына келесі орамдар кіреді: ОрамХалқыАумағы(га)Халық тығыздығы(адам/км²)Quartier Saint-Germain-l’Auxerrois1 67087,11 917Quartier Les Halles8 98041,221 796Quartier Palais-Royal3 19027,911 434Quartier Place Vendôme3 0402711 259

Басқару органдары 2008 жылдың наурызында төртінші рет либерал-консервативті Халық қозғалысы үшін одақ партиясының мүшесі Жан-Франсуа Легаре́ (Jean-François Legaret) болып сайланды.

Мэрияның мекен-жайы: 4, Place du Louvre 75001 Paris Телефон: 01 44 50 75 01

Көрнекті жерлері thumb|400px|Түнгі Лувр thumb|160px|Вандом колоннасы. Артқы планда — Ритц мейманханасы Лувр Кіші салтанат қақпасы Вандом колоннасы Консьержери (париж түрмесі) Франция банкі Париж қор биржасы Ле-Аль Әділеттілік сарайы Оранжери музейі Пале-Рояль (Патша сарайы) Сент-Шапель Жаңа көпір Комеди Франсез Ритц мейманханасы Сент-Эсташ шіркеуі Сен-Лё-Сен-Жиль шіркеуі

Саябақтар, алаңдар Тюильри бағы Пале-Рояль саябағы Шатле алаңы Риволи көшесі Вандом алаңы Дофин алаңы

Сыртқы сілтемелер Мэрияның ресми сайты

Санат:Париждің I аймағы