Қарасу – Шідерті алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерімен ағады.

Бастауы Сарыбұлақ тауының батыс етегіндегі бұлақтардан алып, №8 тораптан төменде Шідерті өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрографикасы Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 304 км. Ұзындығы 27 км болатын шағын 5 саласы бар. Өзен арнасының жағалауы орта ағысында жарқабақты келген, Шідертіге құяр сағасында жайылма құрайды. Аңғары шабындық және жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы өзендері