Сун Цзяо-жень (1882 жыл - 1913 жыл 22 наурыз) - қытай революционері. Саяси өмірі 1904 жылы Хуасинхой революциялық ұйымын құрды, сол жылдың аяғында Жапонияға эмиграцияға кетіп, онда Тунмэнхой ұйымына кірді, оның басшыларының бірі болды. Бұл ұйымдар Орталық Қытайда революция жасау мақсатын алға қойды. Сун Цзяо-жень - гоминдан партиясын құру жөнінде бастама көтерді және оның іс жүзіндегі басшысы болды. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 447 бет
Дереккөздер
Санат:Қытай саясаткерлері Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1882 жылы туғандар Санат:1913 жылы қайтыс болғандар