Измаил Иванович Срезневский(01.06.1812.Ярославль,-09.02.1880. Петербург)- орыс филологы, этнограф, Петербург ғылым академиясының академигі (1851). Харьков университетін бітірген (1829), сол университеттің профессоры (1842).Петербург университетінде (1847 жылдан), пединститутта сабақ берді (1848-1859). Негізгі еңбектері орыс тілі тарихы («Орыс тілі тарихы туралы ойлар, 1849, 2- бас., 1959») мен диалектологиясы, көне славян жазба ескерткіштері, палеография, археология, библиография, орыс тілін оқыту методикасына, көне орыс әдебиеті мәселелеріне арналған. Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов Срезневскийдің шәкірттері болған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 391 бет

Санат:1812 жылы туғандар Санат:1880 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар