Эуген Кватерник (1825 жыл 31 қазан - 1871 жыл 11 қазан) - хорват саяси қайраткері, адвокат, публицист. Саяси өмірі Австрия-Венгрия езгісіне қарсы шыққаны үшін қуғындалды. 1857-1860, 1863-1867 жылдары Ресейді, Францияны, Италияны паналады. Кватерник «Хорватия және итальян конфедерациясы», «Саяси зерттеу» деген еңбектерінде хорваттардың ұлттық егеменділік құқығын дәлелдеді. 1871 жылы габсбургтерге қарсы көтеріліс кезінде өлтірілді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Саясаткерлер Санат:1825 жылы туғандар Санат:1871 жылы қайтыс болғандар