Алексей Дмитриевич Хватов - қазақстандық агроном-химик. Ауыл шаруашылығы ғылымдар докторы. Қызмет жолы Хватов Алексей - Мәскеу университетінің химия факультетін бітірген. Химия өндірісі халық комиссариатының оқу-өндіріс комбинатының директоры, Мәскеу университетінің органикалық катализ кафедрасында доцент, Химия өндірісі инженерлерінің білімін жетілдіру институының кафедра меңгерушісі. 1941 -1945 ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Тәжік ССР-і Ленинабад қаласындағы химиялық комбинатында инженер, Тәжік КСР-і Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты жеміс-жүзім, жидек институтында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы. 1955 жылдан Қазақтың картоп және көкніс шаруашылығы ғылымдар зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 11 том

Дереккөздер

Санат:18 қаңтарда туғандар Санат:Пенза облысында туғандар Санат:Қазақстан агрономдары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары