Армандастар әні — әуенін Әсет Бейсеуов, мәтінін Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған ән. Әнді алғашқы рет ҚР халық әртісі Сара Тыныштығұлова орындаған. Кейін «Армандастар» әні Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова т.б. әншілердің әнқоржынына енді.
Әннің шығу тарихы
1972 жылы Әсет Бейсеуов ән мәтінін жазғанша, әуенін жазып қояды. Кейін достарын «Қазақ концертке» шақырып жаңа әуенді тыңдатады. Ән көңілден шығып, оны тыңдармандар жоғары бағалайды. Сол тыңдармандардың арасында ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов та бар екен. Әнді ұнатқан ол: «Рұқсат болса, ән мәтінін мен жазайын» деп өзі ықылас танытады. Сазгер өз рұқсатын береді..
Ән мәтіні АрмандастарБірінші шумақҚайырма:2 шумақҚайырма3 шумақҚайырма
Дереккөздер
Санат:Қазақ әндері