Қазақ тілінің батыс диалектісі — Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында, Қостанай және Қызылорда өңірлерінің кей аудандарында таралған қазақ тілінің негізгі үш диалектісінің бірі.

Қазақстанның батыс облыстары мен олардың төңірегіндегі көрші мемлекеттердегі қазақтардың тілін зерттеушілер бөлек диалект ретінде қарастырғанымен, қазақ тілі диалектілерінің арасында азғантай ғана айырмашылық бар, тіпті көп уақыт бойы қазақ тілінде диалектілердің бар-жоғы таласты мәселелердің бірі болған. Қазақ тілінің таң қаларлық біркелкілігінің себебі осы тілде сөйлейтіндердің мобильділігімен (көшпелі өмір салты) түсіндіріледі.

Қазақ тілінің батыс диалектісі осы өңірдегі қазақтардың басқа қазақтардан ажырап, ру-тайпа болып бірігуінің кесірінен пайда болып, өзіне татар, башқұрт, ноғай және оғыз тілдерінен көптеген сөздерді сіңірген. Сәрсен Аманжоловтың пікірінше, батыс диалектісі бағзы заманда Арал және Каспий теңіздері мен Жайық, Ор өзендерінің жағасында көшіп-қонып жүрген үлкен Алшын тайпасының тілінен пайда болған. Бұл тайпа ертеден-ақ басқа қазақтардан оқшауланып өмір сүрген, XVII ғасырдың басына дейін Ноғай ордасының құрамында болған.

Батыс диалектісінің басты ерекшелігі — оның құрамында басқа диалектілер жоғалтып алған қазақ тілінің ескі белгілерінің сақталуы мен батыс қазақтары қарым-қатынас ұстаған халықтардың тілдерінен енген сөздер.

Батыс диалектісі Әдеби аналогы Аумағыазын-шоғын азды-көпті, біраз Оралән сәтта әп сәттеОралжарын келер уақыт,келесі рет,ертең,келесі жыл Орал, Ақтау,Атырау, Арал,Орынбор, Ойыл,Ырғыз, Шалқарсой нәсіл, ұрпақ батыс диалектісіжары жартысы батыс диалектісіілкі алғашқы, әуелгі Оралшартақ аула; дуал, шарбақ Қостанай,Ақтөбе, Ойылкүйенте мойынағаш, иінағаш Орынборнән үлкен, көлемді батыс диалектісікапрон пластмасса Шалқарздан көпқабатты ғимарат, үй Шалқарештеме ештеңе Қостанайорам аула Қостанай, Челябі облысы, Орынборәйбәт тамаша Қостанай, Ақтөбеәнегі анағы Қостанай, Челябі облысыәйдік дәу, нән Қостанай облысының батыс аудандарысекер, шекер қант батыс диалектісіманағы, мана жаңағы, жаңа батыс диалектісіыссы ыстық батыс диалектісіаданастуысқанбатыс диалектісі |- |қасқа||сорлы||батыс диалектісі|- |шапқы||кетпен||Орал|- |бөтеке||бүйрек||батыс диалектісі|- |құрттай||кішкентай||батыс диалектісі|- |әйдік||үлкен, зор||Торғай, Қостанай, Ырғыз, Арал-Қазалы|- |кіттәй||кішкентай||Ырғыз, Арал-Қазалы|- |сес||дауыс, дыбыс||батыс диалектісі|- |шеккі||таразы||батыс диалектісі|- |құдағай||құдағи||батыс диалектісі|- |жатырсыңыз||жатырсыз||батыс диалектісі|- |барулы||барды||Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Арал-Қазалы|- |мырады мұң болу||мұрадына жету||батыс диалектісі|- |ашар||кілт||батыс диалектісі|- |ағаш үй||киіз үй||Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Арал-Қазалы|- |еге||ие, қожайын||батыс диалектісі''

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Санат:Қазақ тілінің диалектілері Санат:Қазақстан тілдері