Әбілқайыр Ысқақұлы Досов (1899, № 1 ауыл, Қотыркөл болысы, Көкшетау уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 1937) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, БК(б)П Ақтөбе (1934–1936) және Оңтүстік Қазақстан (1936–1937) облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы. КСРО ІІХК арнайы үштігінің мүшесі болды.
Өмірбаяны 1916 жылы Омбы орыс-қырғыз (қазақ) жетім балалар пансионында тәрбиеленіп, қазақ оқушы жастарының «Бірлік» мәдени-ағарту үйірмесіне мүше болған. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Омбы қырғыз (қазақ) кеңесі және облысы революциялық трибунал мүшелігіне сайланды. Кейін төтенше комиссияның ерекше отрядын басқарды. Көкшетау облысы төтенше комиссиясының инспекторы, РК(б)П ОК Сібір бюросы жанындағы татар, қырғыз (қазақ) секциясының хатшысы, «Кедей сөзі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды. 1920 жылы қазан айында өткен Қазақ кеңестерінің 1-құрылтай съезінде Қазақ АКСР ОАК-нің төралқа мүшесі және хатшысы болып сайланды. 1922–1926 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің, Түркістан облысы ревкомының, Орал облысы атқару комитетінің төрағасы 1926–1927 жылдары Қазақстанның БОАК жанындағы өкілі болды. 1927 – 1930 жылдары БОАК төралқасының мүшесі 1930 – 1937 жылдары БК(б)П ОК-нің нұсқаушысы Шығыс Қазақстан облысының партия комитетінің 2-хатшысы Ақтөбе облысы партия комитетітінің 1-хатшысы 1937 жылдан Шымкент қалалық партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. 1933 – 1937 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің, Қазақстан КП ОК-нің, БОАК және Қазақ ОАК-нің мүшесі болып сайланған. БК(б)П 17-съезінің делегаты болды. 1937 жылы 28 қарашада жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесілді. 1956 жылы 12 қазанда ақталды.Қазақ Энциклопедиясы, 5-том
Әдебиет Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. — Алматы, 2008.
Дереккөздер
Санат:1899 жылы туғандар Санат:Бурабай ауданында туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан орталық атқару комитетінің мүшелері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары