Дуротригтер — Британия аумағын мекендеген ежелгі кельт тайпасы. Дуротригтер қазіргі Дорсет, оңтүстік Сомерсет пен Уилтшир, сонымен қатар шығыс Девонды мекендеген. Рим басқыншылығынан кейінгі негізгі қалалары астанасы болып табылған Дурноварий (қазіргі Дорчестер) қаласы мен Линдинис (қазіргі ИлчестерBruce Eagles, «Britons and Saxons on the Eastern Boundary of the Civitas Durotrigum» Britannia 35 (2004:234-240) p. 234.) болған. Дуротригтер иелігі батыста Думнонилермен, ал шығыста—Белгтер жерімен шектескен.
Дуротригтер ұсақ тайпалар конфедерациясынан үлкен болған.Barry Cunliffe, Iron Age Communities in Britain: An Account of England, Scotland and Wales from the Seventh Century BC Until the Roman Conquest, 4th ed. 2005:178, (pp 178—201). Римдіктер келерге дейін де олар монеталар соғып, ірі қалалар маңайында егіншілікпен айналысқан.
Дуротригтердің өмір сүрген жерлері олардың соққан монеталарының көмегімен анықталған:Cunliffe 2005: fig. 8:2. бірнешеуі Эйвон өзені мен оның Вайлиге құяр жерлерінде табылдыEagles 2004: 234 and map, fig. 5.. Негізгі сауда-саттық жолдары б.з.д. Ла-Манш арқылы өткен.
Дуротригтерге ридіктер б.з. 43 жылы басып кіреді, Светоний өзінің «Жиырма патшаның ғұмыры» шығармасында Веспасиан бастаған II Август легионы мен дуротригтер арасында болған шайқас туралы айтып өтеді. 70 жылдары тайпа романизацияланып, Римдік Британия құрамына кірді. Бұл аймақта римдіктер карьерлерді игеру мен керамика дайындаумен айналысты.
Дереккөздер
Сілтеме Martin Papworth, (2011), The Search for the Durotriges: Dorset and the West Country in the Late Iron Age. The History Press. ISBN 0752457373
Санат:Кельт тайпалары