Қотырселтей – Қызылтас және Киікбай тауларының аралағындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жұмыскер ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 930 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 3,5-4 км.
Жер бедері Бірнеше ұсақ шоқылардын тұрады. Солтүстігінде Қожа, Қазыбек, оңтүстігінде Қанжығалы, шығысында Толағай таулары, батысында Қараоба қыстауы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Жоғарғы силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында қараған аралас жусан, бетеге өседі. Жайылымдық және қыстау (Қызыладыр) ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары