Қызыладыр – Бектауата тауының оңтүстік-батысындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кентінің солтүстік-батысында 39 км жеде орналасқан.

Жер бедері Абослюттік биіктігі 514 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі жайпақ, түпкі жақпартастары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Қызылжал қонысы, оңтүстігінде Көкдомбақ, шығысында Төрткүл таулары орналасқан.

Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз және қара жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары