Якоб Буркхард - швейцар философы және мәдениет тарихшысы. Берлин университетінде Л.Ранкден тағлым алды. Базельдегі университеттің профессоры. Якоб тарихнамада Ранкенің мектебіне кереғар, бірінші кезекке саяси мәдениетті емес, рухани мәдениетті қою қажеттігін алға тартты. Мәдениет тарихшысы ретінде Якоб Буркхард ежелгі Грекия, Қайта өркендеу дәуірі мәселелерімен шұғылданды. Негізінен Италияның Қайта өркендеу дәуірі мәдениеті мен өнерінің тарихи хақындағы еңбектерімен аты шықты. "Қайта өркендеу дәуіріндегі Италия мәдениеті" деген еңбегі көптеген тілдерге, соның ішінде орыс тіліне де аударылды. Шығармаларында жеке адамды асыра дәріптеуі "қаһарманды" "тобырға" қарсы қоюына, аристократизм мен антидемократизмге соқтырды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:Швейцария ғалымдар