Қарашоқы – Күмісқазық тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 662 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Жер бедері Беткейі тіктеу келген. Солтүстігінде Омар, Қожа қыстаулары, шығысында Қошқарбай бұлағы мен Ақшоқы тауы, оңтүстігінде Апа қонысы, батысында Алтынқазық тауы мен Жуантөбе бұлағы бар.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топаырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, боз, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары