Олег Карломавич Саган-оол - тува кеңес жазушысы. Иркутск педагогикалық институтында оқыған, кейін КОКП ОК-нің жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітірді. 1944-71 ж. Тува Жазушылар одағының төрағасы.
Шығармалары 1938 жылдан бастап жарияланды. Олег "Кездесу" атты әңгімесінде революцияға дейінгі кедейлердің ауыр тұрмысын суреттесе, "Баян-Тала кісі", "Бақыт жұлдызы" атты әңгіме, повестері мен "Үміттену", "Бір сельсоветте", "Жырлап берейін", "Ояну", т.б. пьесаларында, "Туысқан адамдар" романында кеңестік тувалардың психологиялық даму, өсу жолдарын суреттейді. Ол Александр Сергеевич Пушкин, Лермонтов, Шолховтың көптеген шығармаларын тува тіліне аударған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж., 9-том, 604 бет
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:Тывада туғандар Санат:7 сәуірде қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Тыва жазушылары Санат:Тывада қайтыс болғандар