Ляхов аралдары — Жаңа Сібір аралдары архипелагының оңтүстік тобы. Лаптевтер және Шығыс Сібір теңіздері аралығында.
Аралдар тобы Ляхов аралдары тобына - Үлкен Ляхов (4600 км²), Кіші Ляхов (1325 км²), Столбовой (170 км²) және Семеновскийаралдары кіреді. Ляхов аралдары Азия құрлығынан Дмитрий Лаптев бұғазы (60 км), көршілес Фадеевский аралығынан Санников бұғазы (50 км) арқылы бөлінеді. Гранит интрузиялары қиып өткен мезозойдың тақта тастары мен құм тастары және арасында мұз қабаттары бар көлдік және делювийлі саздақтары тараған. Мүкті-бұталы тундра жамылған. Поляр түлкісі ауланады. Орыс кәсіпкері Ляховтың құрметіне осылай аталған.
Санат:Ляхов аралдары