Ахметжан Смағұлұлы Есімов (15 желтоқсан 1950 жыл, Қаскелең ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, Алматы облысы мен Алматы қаласының бұрынғы әкімі.

Өңірлерден бөлек Президент Әкімшілігін, Ауыл шаруашылығы министрлігін, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясын, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарған.

Өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан.

«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.

«Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.

1968 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.

1969 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.

1974 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-механигі.

1977 жылдың желтоқсанынан - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).

1979 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.

1979 жылдың тамызынан - «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.

1982 жылдың наурызынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.

1983 жылдың мамырынан - «Ленин» кеңшарының директоры.

1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.

1986 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

1988 жылдың қаңтарынан - Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.

1988 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.

1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.

1991 жылдан - Алматы облыстық Кеңесінің төрағасы.

1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.

1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1996 жылдан - ҚР мемлекеттік хатшысы.

1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы.

1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.

2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.

2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.

2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

2017 жылғы 23 желтоқсанда "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2021 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының көмекшісі болып тағайындалды.

Ауылшаруашылық министрі лауазымындағы қызметі А. Есімовтің ауылшаруашылық министрі қызметі барысында Қазақстан ұнның экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты.http://kvedomosti.ru/news/47109.html http://www.inform.kz/kaz/article/2181241

Алматы әкімі мәртебесіндегі қызметі А. Есімов әкім ретіндегі қызметін алданған құрылыс үлескерлерінің түйткілін шешуден бастады. Сол кезде қалада құрылысы тоқтатылған 125 тұрғын үй кешені болатын.http://www.almaty.kz/page.php?page_id=693&lang=1&news_id=9406 Президент Н. Назарбаевтың қолдауымен үлескерлердің барлығы дерлік үйлі болды.

2011 жылы Алматыда 7 Қысқы Азия ойындары табысты өтіп, оны өткізу үшін қалада спорт инфрақұрылымы құрылды. http://www.akorda.kz/ru/national_projects/aziada-2011_1338973100 Дәл сол жылы алматылық метрополитен ашылды. Сонымен қатар, 5 жылға жетпейтін уақыт аралығында қалада энергетика мәселесін шешуге септігін тигізген 20 қосалқы станция салынған.http://www.almaty.kz/page.php?page_id=9&lang=1&news_id=11321

2011 жылы муниципалды қоғамдық көліктің құрылуына бастамашылық етіп, нарықтан жеке тасымалдаушыларды біртіндеп ығыстырды.http://www.inform.kz/rus/article/2367325

Экономиканың келешегі зор бағыты болып саналатын Алматы өңіріндегі тау-шаңғы туризмін дамыту бойынша идеологтарының бірі.https://informburo.kz/novosti/esimov-hochet-otdat-gornolyzhnyy-turizm-almaty-shveytsarskim-investoram-5055.html 2008 жылы қалаға қосылған проблемалық ауылдардың орнында Алатау ауданы құрылды.

Қаладағы өмір деңгейінің жоғарылығын желеу етіп Үкімет алдында алматылық дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын бөлек көбейту мәселесін бірнеше рет көтерген. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/esimov-poruchil-uvelichit-zarabotnuyu-platu-medrabotnikam-177848/https://www.caravan.kz/news/akim-almaty-prosit-vdvoe-povysit-zarplatu-uchitelyam-shkol-goroda-278381/

2013 жылдың 6 қазанында Ахметжан Есімов және Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың бастамасымен Алматы әкімдігі Қазақстан тарихында алғаш рет UCI аясында 1,2 санатты «Алматы туры» кәсіби велошеруін ұйымдастырылып, сәтті өткізілген болатын. Велошеру трансляциясы Eurosport телеарнасынан өткізілген.http://www.zakon.kz/4543123-vpervye-na-territorii-sng-sostoitsja.html http://www.inform.kz/rus/article/2595169

2014 жылы Есімовтың жетекшілігімен Алматының өңірлік жалпы өнімнің көлемі тарихта алғаш рет 8 трлн теңгеден асты.http://www.kazpravda.kz/news/view/vrp-almati-vpervie-v-istorii-previsil-8-trln-tenge--esimov

Сол жылы қаланың мыңдаған жасампаз және дарынды ұстазы 300 000 теңге көлеміндегі бірреттік ақшалай сыйақыға ие болды.https://www.zakon.kz/4685604-po-rezultatam-ent-almaty-lidiruet.html

Алматы қ. Мәслихатының XXIX кезектен тыс сессиясында сегізінші Наурызбай ауданы пайда болыпhttps://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nauryizbayskiy-rayon-poyavilsya-v-almatyi-258018/, қала ауданы ұлғайған. 2014 жылдың соңында Наурызбай ауданындағы халықтың саны 180 мың адамнан асты.

Ахметжан Есімовтың «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы лауазымындағы қызметі 2015 жылғы 9-тамызда Мемлекет басшысының жарлығымен Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Дәл осы күні ҚР Президентінің Қаулысы бойынша А.С.Есімов Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды (ол бұл қызметте 2008 жылдан бері істеп келген).http://www.kazpravda.kz/news/politika/ahmetzhan-esimov-vozglavil-natskompaniu-astana-ekspo-2017/ Ахметжан Есімовке дейін, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болған. Ә.Жақсыбеков бұл қызметке Талған Ермегияев тұтқынға алынған соң, Елбасының бұйрығымен 2015 жылғы 11 маусымда тағайындалған болатын.http://www.kazpravda.kz/news/politika/akim-astani-sovmeshchaet-dolzhnost-glavi-nk-astana-ekspo-2017-na-bezvozmednoi-os/http://kaztrk.kz/ru/news/articles/termegiyaev-prigovoren-k-14-godam-tyurmy-s-konfiskaciei-imushestva-350 Ахметжан Есімовтың Басқарма Төрағасы болып тағайындалған соң, бірден EXPO-қалашығының құрылысына жоспарланған шығын көлемін 78 миллиард теңгеге қысқартты. Сондай-ақ, компанияның топ-менеджментін екі есе қысқартты. Кейін Ахметжан Есімов отандық мердігерлерді тарту мақсатында өңірлерді аралап, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесулер өткізген. Нәтижесінде ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына атсалысқан қазақстандық компаниялардың үлесі 90% құрды.https://bnews.kz/ru/news/spetsproekti/nacionalnyi_proekt_expo_2017/ekspo2017_dolya_kazsoderzhaniya_v_otechestvennih_stroikompaniyah_sostavlyaet_90

Көрме нысандары құрылысының құны бюджет есебінен 302 млрд теңгеге азайды.http://24.kz/ru/news/social/item/159483-ekspo-2017-i-npp-atameken-pom 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрменің дайындық деңгейіне баға берді. «Көрменің лайықты деңгейде ұйымдастырылуы әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жетістігін көрсетеді», - деп атап өтті Н.Назарбаев.https://www.zakon.kz/4855124-glava-gosudarstva-ocenil-gotovnost.html 2017 жылғы 23-ақпанда Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандарын тексеріп шыққанан кейін «ЭКСПО-2017 соңғы 25 жыл ішіндегі ең үздік көрме болады», - деп мәлімдеді.https://www.zakon.kz/4845745-lossertales-mezhdunarodnaja-vystavka.html

Үш ай ішінде, яғни 10-маусым мен 9-қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 4 000 000 жуық адам келген.https://expo2017astana.com/ru/page_id=2025&news_id=1812 ЭКСПО-2017 кезінде 28 мемлекет басшысы, 13 парламент спикері мен Бас хатшы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрдің орынбасары, 70 министр мен 48 министр орынбасарларының қатысуымен 220 ресми іс-шара ұйымдастырылды. Энергетика, құрылыс, инвестиция салаларында Қазақстанның іскер және ғылыми-білім беру саласының өкілдері мен қатысушы елдер арасында 39 келісім жасалған. ЭКСПО-2017 көрмесінде 193 «жасыл» технология таныстырылып, оның дені Қазақстанда сәтті енгізіліп жатыр.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бюджетін оңтайландыру арқасында 364 миллиард теңге үнемделді, бұл көрсеткіш жобаның бастапқы құнынан 44,6% аз. Көрме Қазақстанның экономикасына едәуір мультипликативтік әсерін тигізді. 1400 астам шағын және орта бизнес кәсіпорны жалпы сомасы 640 миллиард теңге көлемінде тауар мен қызметке тапсырыс алған. 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс екі есеге артты. Астанадағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10% көбейді. Елорданың бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық көлемі 1,2 есеге өсті. EXPO 2017 жабылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның астанасы жаһандық назарға ілігіп, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аударды. National Geographic журналының шешімімен, Астана «Болашақ қаласы» аталымын жеңіп алды. Сонымен қатар New York Times газетінің мәліметінше, Қазақстан саяхаттап баруға лайықты елдер тізіміне енген. Жалпы EXPO аясында 6000 астам алуан түрлі шаралар өткізілді. Біздің еліміз еуразиялық өңірдің қарқынды дамып отырған мемлекеті ретінде өз имиджін нығайта түсті. EXPO феномені ғылым, бизнес және қоғамның нәтижелі және өнімді өзара әрекеттесуге септігін тигізді», - деп мәлімдеді.http://24.kz/ru/news/top-news/item/195775-prezident-rk-prinyal-uchastie-v-tseremonii-zakrytiya-expo-2017 ЭКСПО-2017 шетелдік меймандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. EXPO-2017 мұрасының нысандары туристік орын ретінде қызмет етуді жалғастырып келеді. https://ru.sputniknews.kz/society/20171110/3731656/dobro-pozhalovat-vnov-ehkspo-zhdet-gostej.html

Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы лауазымындағы қызметі 23 желтоқсан 2017 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. https://www.lenta.inform.kz/kz/ahmetzhan-esimov-samuryk-kazyna-korynyn-baskarma-toragasy-bolyp-tagayyndaldy_a3103600 2018 жылдың 11 қаңтарында Қор Басқармасының шешімімен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жаңа құралымы бекітілді. Жаңа құрылымға сәйкес басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқарып, басқарма төрағасының орынбасарының бір қызметі енгізілді. 2018 жылдың 19 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Басқосу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жаңарған даму стратегиясы мен Қорды трансформациялау бағдарламасын қабылдау мәселелері талқыланды. Жиын соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ –ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған даму статегиясын жіне Қорды трнасформациялау бағдарламасын мақұлдады. 2018 жылдың сәуірінде Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жаңа кадрлық саясатын таныстырды.