Шыршық каналы (өзб. Chirchik kanali) — Өзбекстан және Қазақстан (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары жері) мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады. 1932 – 37 ж. аралығында салынған. Басын Шыршық өз. бойындағы бөгеттен алады. Жалпы ұзындығы 95 км, ені 8 – 10 м, тереңд. 2 – 4 м. Орташа су ағымы 29 м³/с. Канал Қазақстан аумағындағы 12,8 мың га бау-бақша, егістікті суарады.

Сипаттамасы Бастауын Ташкент облысы, Ғазалкент қаласы маңындағы теңіз деңгейінен 685 метр биіктікте орналасқан Шыршық өзеніндегі бөгеннен аладыhttps://ok.ru/video/432106639859. Шыршық өзенімен қапталдаса ағып, Шыршық қаласының тұсында солтүстікке бұрылады. Сол тұстағы төбешікті тесіп, құбыр арқылы арғы бетке өткізілген. Қазақстан аумағына өтеді де, Солтүстік-Батыс бағытмен аға отырып, Қазығұрт ауылының тұсынан оңтүстікке бұрылады. Сарыағаш ауданына өткен соң, Қабыланбек ауылына жақын жерде бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді.

Жағасындағы елді мекендер Өзбекстанда: Газалкент, Шыршық қалалары.

Қазақстанда: Заңғар, Қызылсеңгір, Қазығұрт, Саванхана ауылдары

Дереккөздер

Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы, 9 т.