нобай Дененің шебер бойымен модулі тұрақты жылдамдықпен қозғалуын табиғатта және техникада жиі кездестіруге болады. Мысалы, Айдың Жерді, Жердің Күнді айналуын әлдебір дәлдікпен осы қозғалыс түріне жатқызуға болады. Материялық нүкте шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, V жылдамдық векторының бағыты уақыт өте өзгеретін болғандықтан, бір қалыпты шеңберлі қозғалыс үдемелі қозғалыс болады. Центрге тартқыш үдеу Жылдамдық векторының модулі уақытқа тәуелсіз болғандықтан, әрбір уақыт мезетінде үдеу векторы а жылдамдық V векторына перпендикулярлы болады, үдеудің жылдамдық бағытына құраушысы жоқ. Дене шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалғанда, оның үдеуі уақыттың әрбір мезетінде шеңбердің орталығына бағытталады, сондықтан оны орталыққа немесе центрге тартқыш үдеу деп атайды.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Дененің шебер бойымен бірқалыпты қозғалысы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.