ҚЫЗЫЛҚАНАТ ЖАРҚҰС-біздің фаунамыздың ең ашық және әдемі құстардың бірі. Бұл шағын денелі (16-19г), жоны- күл түстес сұр құс. Дөңгеленген үлкен қанатының арқасында торғайдан үлкен тәрізді болып көрінеді. Қанатын қомдаған кезде жай ғана қара түсті болып байқалады, ал қанатын жазып жібергенде көзге бірден бірінші дәрежелі желпуіш қауырсыннан ашық қызыл түс пен дөңгелек ақ теңбіл көзге шалынады. Жарқұс қанатын ұзақ жазбайды, көбінесе қанатын жиі қағып, жартасты бойдай жылжиды. Міне осы әп-сәтте қызыл түстің «жалт етуі» қанаттың үнемі жазылып тұруынан гөрі назарды өзіне көп аударады. Жартасты бойлай құйрықты тірек етпей, екпіндей секіре жылжығанда жартасқа бүкіл денесімен жармасқандай , ең қиындау жерлерде көзді ашып-жұмғанша қанатын жазып үлгереді. Көбінесе 1-2 м қашықтыққа ұшып өтеді. Ұшқан кезде дөңгеленген кең қанатты алабажақ құс ірі көбелекке ұқсап кетеді. Ол бәбісек сияқты пырылдап ұшып қонады. Дегенмен кейде жарқұс қанатын кең жайып, ауаның жылы ағысын пайдалана шарықтап ұшып, ұзақ уақыт қалықтайды. Көбінесе жартас жанында сан алуан күрделі бұрылыстар жасайды. Жарқұстың ысқырған әуені әдемі, бірақ ол сиреек сайрайды. Бұлар- жалпы алғанда үндемейтін құстар. Олар жіңішке, имек піскек тәрізді тұмсығымен жартас жарықтарынан әр алуан бунақденелілерді және өрмекшілерді алып жейді. Жарқұстар жартастың кең жарығына ұяларын салады. Олардың ұяларына жыртқыштар да , адамдар да бара алмайды. Сондықтан жарқұстың ұялау тіршілік әрекеті егжей-тегжейлі аз зерттелген. Аталықтың ұя басып жатқан аналыққа балапандарды жылатқан алғашқы күндері жем таситыны белгілі. Жұмыртқаларды басу ұзақтығы және балапандардың ұяда қанша уақыт болатыны анықталмаған. Жарқұстар қыста тауларда дв, соның ішінде ұялайтын орындарды да, сондай-ақ тауларға қалың қар жауғанда тау бауырларында да кездеседі. Мұндай күндері оларды алматының биік ғимараттарының қабырғаларынан да көруге болады. Дереккөздер мектеп энциклопедиясы "Құстар", А.Ф.Ковшарь, В.А. Ковшарь