Муравьев Михаил Никитич (5. 11. 1757, Смоленск, - 10. 8. 1807, Петербург) – орыс жазушысы, қоғам қайраткері. 1768 – 1770 ж. Москва университеті жанындағы гимназияда, кейіннен университетінде оқыды. 1803 жылдан бастап халық ағарту министірлігінде, Москва университетінде қызмет істеді. Ағарту саласындағы реформаларға, ғылыми, әдеби қоғамдарға қарауға, газет, журналдар уйымдастыруға белсене қатысты. Оның 1773 ж. «Мысал өлеңдер», «Аударма өлеңдер» 1774 ж. «Әскери әндер», «М. В. Ломоносов туралы сөз», 1775 ж. «Ода» т.б. шығармалары жарияланды. М. өз творчествосында табиғатты суреттеуге баса назар аударды, жаңа өлшем, образ жүйесін табуға тырысты, итальян және грек поэзиясын зор ыждағаттықпен зарттеп үйренді. М. – орыс сентиментализмнің негізін салушылардың бірі. Ол – «Оскольд» повесі және көптеген балладалық шығармалардың авторы. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Муравьев Михаил Никитич · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.