Крез (, Крез, Крес; 595—546 б.з.б) - Лидияның соңғы патшасы. Әкесі Алиатт мұралыққа қалдырған Лидия патшалығын едәуір ұлғайтты. Кіші Азияның батыс бөлігін түгел дерлік басып алды. Оның байлығы аңызға айналып, халыққа тарады. Парсы патшасы Кир II-ге қарсы соғыста Каппадокиядағы Птерия түбінде жеңіліске ұшырады да, Лидия астанасы Сарды жау қолына көшті.Қазақ Совет Энциклопедиясы,9 том

Дереккөздер

Санат:Б. з. д. 595 жылы туғандар Санат:Б. з. д. 546 жылы қайтыс болғандар Санат:Лидия патшалары