нобай|Сукумарен Поттекат Поттекат Сукумарен (14. 3. 1913, ж. т., Кожикоде) — үнді жазушысы. Шығармаларын малайя тілінде жазады. Керала прогресшіл жазушыларының қозғалысына қатысушы. Поттекат прозасы реализм арнасында дамыды. Романтизм рухында жазылған шығармалары да бар. Ол — керала әдебиетіндегі жолжазба жанрының негізін салушының бірі. Поттекат есімі 1936 ж. жарық көрген «Таңсәрі» атты өлеңдер жинағымен белгілі болды. Бұдан кейінгі кезеңде жарияланған «Деревнядағы махаббат» (1942), «Зәрлі қыз» (1949) романдары, «Ніл күнделігі» (1954), «Индонезия күнделігі» (1954), «Совет күнделігі» (1955) атты жолжазба кітаптары т. б. шығармалары Поттекаттың үлкен қаламгер екенін танытты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:1913 жылы туғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Үнді саяхатшы-жазушылары Санат:Үнді романшылары Санат:Үнді новеллашылары Санат:Үнді мемуаршылары Санат:Кожикод суретшілері Санат:Керал жазушылары Санат:Малаялам тілді жазушылар Санат:Малайялама романшылары Санат:Малайялама новеллашылары Санат:Малайялама ақындары Санат:Jnanpith марапаты иегерлері