Порт-Оф-Спейн() — Тринидад және Тобаго мемлекетінің астанасы, саяси, экономикалық, мәдени орталығы, аэропорт. Тринидад аралының солтүстік-батысында. Халқы 159 мың (1970). Мұнай айыру зауыды, тамақ (негізінен ром шарабын шығарады), ағаш өңдеу, мата тоқу, кеме жөндеу кәсіпорындары, политехникалық институт т. б. мәдени-ағарту орындары бар. Экспортқа Порт-Оф-Спейн арқылы мұнай өнімдері, асфальт, қант, кофе шығарылады.
Бауырлас қалалар Атланта, АҚШ Джорджтаун, Гайана
Санат:Тринидад және Тобаго қалалары Санат:Солтүстік Америка елордалары