Мойнаққарасу – Есіл өзенінің сол жақ саласы.

Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км.

Бастауы Асанқожа көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерден, Новомариновка ауылының жанынан бастау алады.

Гидрологиясы Мойнаққарасудың 6 ұсақ және 1 ірі саласы бар. Су жиналатын алабының жер бедері жонды-белесті-төбелі келген. Қошқыл-қоңыр сортаңданған топырағында бетегелі-боз, бетегелі-сұлыбасты, ал жайылмаларында бетегелі-қаулы шөптесіндер өскен. Су жиналатын алабының жыртылған. Жоғары және орта ағысында аңғары айқын байқалады, жағалауының биіктігі 2 – 5 м. Жоғары ағысында арнасы жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады. Өзеннің кейбір жерлерінде топырақтан жасалған бөгеттер бар. Суын жақын жатқан елді мекендер пайдаланады.«Ақмола облысы» энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Атбасар ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы