Курский Дмитрий Иванович (22 қазан 1874, Киев қаласы — 20 желтоқсан 1932) — совет мемлекетi мен партия қайраткерi. 1904 жылдан Компартия мүшесi. Мәскеу yниверситетінің заң факультетiн бiтiрдi (1900). 1905 жылы Мәскеу Бутырск аудандық партия комитетiнiң мүшесi, Декабрь қарулы көтерiлiсiне белсене қатысты. 1906 жылы большевиктердiң Москва ұйымы обл. бюросының мүшесi. Большевиктiк «Борьба», «Истина», «Наша мысль», «Рабочее знамя газеттерiн шығаруға қатысты. 1907 жылдан РСДЖ (б) П ОК Москва обл. бюросының мүшесi. 1909 тұтқынға алынып, көп кешікпей одан босатылды. 1914 жылы армия қатарына алынып, онда рев. жұмыс жүргiздi. 1917 жылы мамыр-тамыз Румыния майданындағы 4-армия солдат депутаттары советінің председателi болды. БК(б)П 15-съезiнде (1927) БК(б)П Орталық бақылау комиссаясының мүшелiгiне сайланды. 1928-1932 жылдары КСРО-ның Италиядағы елшiсi.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6

Дереккөздер

Санат:1874 жылы туғандар Санат:1932 жылы қайтыс болғандар Санат:Киевте туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері