Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Құрылымы Министрліктің құрамына кіретін комитеттер ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті
ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ «Қазселденқорғау» ММ «Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» ММ «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК «Қазавиақұтқару» АҚ «Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ «Қызылорда теміржол ауруханасы» ЖШС «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС «Теңіз жасағы» АҚ
Аумақтық органдар Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменттері Әскери бөлімдер 28237 әскери бөлімі (Ұзынағаш ауылы) 68303 әскери бөлімі (Семей қаласы) 52859 әскери бөлімі (Қарағанды қаласы) 20982 әскери бөлімі (Ақтөбе қаласы)Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері
Тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №1449 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң және Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгiнiң базасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі құрылды.
2014 жылғы 6 тамызда министрлік таратылып, материалдық резерв және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін қоспағанда, өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берілді.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар органдары Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі жеке ведомствоға қайта бөлінді.
Үкіметтің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыТөтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы (1990–1995)Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы (1995–1997)199pxНиколай Макиевский19901997КОКПҚараманов IIТерещенкоҚажыгелдинПартиясызТөтенше жағдайлар комитетінің төрағасы (1997–1999)Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы (1999–2004)199pxШалбай Құлмаханов16 маусым199719 мамыр2001белгісізҚажыгелдинБалғымбаевТоқаев299pxЗаманбек Нұрқаділовмамыр200113 наурыз2004белгісізТоқаевТасмағамбетовДаниал Ахметов399pxНұрахмет Бижанов13 наурыз200430 қыркүйек2004белгісізДаниал Ахметов Төтенше жағдайлар министрі (2004–2014)199pxМұхамбет Көпеев30 қыркүйек200411 тамыз2005белгісізДаниал Ахметов299pxШалбай Құлмаханов11 тамыз200511 қаңтар2007белгісізДаниал Ахметов399pxВиктор Храпунов11 қаңтар20071 қараша2007белгісізМәсімов I499pxВладимир Божко13 қараша20076 тамыз2014белгісізМәсімов IСерік АхметовМәсімов II Ішкі істер министрлігіТөтенше жағдайлар комитетінің төрағасы (2014–2020)199pxВалерий Петров25 тамыз201413 қаңтар2016белгісізМәсімов II299pxВладимир Беккер13 қаңтар2016қыркүйек2020белгісізМәсімов IIСағынтаевМамин I Төтенше жағдайлар министрі (2020 жылдан бері)599pxЮрий Ильин11 қыркүйек202010 маусым2023белгісізСмайылов IСмайылов II699pxСырым Шәріпханов10 маусым20236 ақпан2024ПартиясызСмайылов II799pxШыңғыс Әрінов6 ақпан202428 тамыз2026ПартиясызБектенов I899pxМұрат Мұханов3 қыркүйек2026—ПартиясызБектенов II
Ведомстволық наградалар Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де Мемлекеттік рәміздері мен геральдикасы мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ведомстволық наградалары:
Медальдар: «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» ; «Мінсіз қызметі үшін» I, ІІ, III дәрежелері; «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»; «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін». Төсбелгілер: «Азаматтық қорғау органдарының құрметті қызметкері»; «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»; «Үздік өрт сөндіруші-құтқарушы»; «Үздік құтқарушы-жауынгер»; «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін»; «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін»; «Құтқарушы» I, II, III дәрежелері; «Халықаралық дәрежелі құтқарушы».
Дереккөздер
Т Санат:Төтенше жағдайлар министрліктері Санат:Қазақстанның құқық қорғау органдары