Майдантал, Шыңғыс, Шотаншат – Сырдария алабындағы биік тау өзені.
Географиялық орны Түркістан облысы Төле би ауданы және Өзбекстандағы Шарбақ ауданы жерінде. Өгем, Майдантал жоталарының аралығымен ағып өтеді. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 472 км2, жалпы ұзындығы 140 км болатын 60-тан астам саласы бар. Ірі салалары: Төрасу (Асутөр), Аютөр, т.б.
Бастауы Бастауын Талас Алатауындағы оңтүстік беткейіндегі мұздықтардан түзілген 2 мореналық көлдерден алып, Өзбекстан жерінде Піскем өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы арнасы тау шатқалымен өтеді. Ақтөр саласы қосылғаннан кейін орта ағысындағы жағалауы биіктігі 10-15 м болатын жартастардан тұрады. Мұздық және қар суларымен толығады. Орташа жылдық су ағымы 14,9 м3/с. Жаз айларында суы молайып, су ағымы 24 м2/с-тан 43,5 м2/с-қа дейін ұлғаяды. Өзен алабы жазғы тау жайлауы саналады. Қараша айында қатып, наурыз айында ериді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы өзендері Санат:Өзбекстан өзендері Санат:Сырдария су алабы