thumb|200px|right|Тетраамминмыс(II) сульфаты

Аммиакаттар - тұздар мен аммиактан түзелген кешенді қосылыстар. Мысалы, [Ag(NH3)2]+, [Ni(NH3)4]2+. Аналитикалық химияда комплекс қосылыс құрамындағы элементтерді, металдардың иондарын ашу үшін және оның мөлшерін табу үшін қолданылады.

Алынуы Аммиакаттар су ерітіндіде тұздар аммиакпен (NH3) әсер ету арқылы алынады газ түріндегі немесесұйық аммиакпен (NH3) қатты тұздарға әсер ету арқылы алынады.

Мысалы:

Бұл жерде аммиактың судағы ертіндісі алдымен мыстың (II) иондарымен әсерлесіп, нәтижесінде жасыл түсті құбылмалы құрамды негізгі тұздар тұнба болып түседі. Бірақ олар реагенттін көбейгеде оңай еріп кетеді. Сосын көкшіл-күлгін түсті мыстың аммиакты комплексі түзеледі:

Химиялық қасиеттер Амииакаттардың ертінділері тұрақты болады. Тек сары-қоңыр түсті кобальт (ІІ) аммиакаты ауадағы оттегімен бірте-бірте тотығып шие-қызыл түсті кобальт (ІІІ) аммиакатына айналады. Тотықтырғыштардың әсерімен бұл реакция лезде өтеді.

Комплекстардың түзелуі немесе ыдырауы Ле Шателье-Браун заңдылығымен диссоциация тепетеңдігінің жылжуымен байланысты. Егер Ag+ және NH3 концентрациясы көбейсе - комплекста түзеледі. Ал егер азайса - комплекс ыдырайды:

[Ag(NH3)2]+ үшін Кн = 9.3 ·10-8, ал NH4+ үшін Кн = 6 ·10-10.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Химия Санат:Азот қосылыстары