Шоғыр қоңыраугүл. Ең танымал және Қазақстанда кездесетін 12 түрдің арасындағы көп таралғаны. Оңтүстік шөлден басқа Қазақстанның барлық аймағында-шабындықтар мен орман алаңқайларында, таулар мен жазықтарда кездеседі. Бұл көпжылдықтың мықты тамырсабағы және (50см-ге дейін биік) сабағы, жұмыртқа тәрізді созыңқы жапырағы бар. Басқа гүлдерден гүлдерінің орналасуы ерекшелігімен ажыратылады. Дара емес тығыздала сабақ ұшына жақындап топтама гүлдің басын құрайды. Әр гүлде 5 тостағанша, күлте және аналық, одан кейін үш бөлек тозаң түйіні бар. Өсіп кеткен күлтелер ұзын түтік құрайды, олардың түбінде омарталық бездер орналасқан (шырынды). Осыған байланысты гүлде айқас тозаңдану жүреді, тек үлкен жәндікткр т.с. Қоңыраугүл жаздың ортасында маусым, тамыз, қыркүйектк жеміс береді. Тұқымы өте ұсақ пісіп-жетілген қауашақта пайда болатын арнайы тесік арқылы төгіледі де желмен таралады. Жапырағы, гүлі және басқа да жер бетіндегі бөлігі өсімдіктің халық медицинасында, нерв жүйесі ауырғанда, тамақ ауруына қолданады. Жас өскіндері мен жапырағы Е дәруменіне бай, оларды тамаққа салат ретінде пайдаланады. Шоғыр қоңыраугүл жақсы омарталық өсімдік және әсемдік үшін өсіруде қиын тудырмайды. Гүлдерінің түсінің алуан түрлілігіне байланысты XVI ғасырдың ортасынан бері түр ретінде жоғары бағаланып келеді.

Дереккөздер Қазақстанның өсімдікткер әлемі, А.А.Иващенко