Шақпақ баба (1993 жылға дейін – Высокое)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ауыл, Шақпақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылынан шығысқа қарай 18 км жерде, Боралдай, Кіші Ақсу тауларының аралығында, Арыс өзенінің басталар жерінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30873285 3473 105,7 1670 1762 105,5 1615 1711 105,9
Тарихы Іргесі 19 ғасырдың аяғында қаланған. 1961 жылдан «Путь Ильича» ұжымшарының орталығы болып, Высокое аталып келді. Оның негізінде тері илейтін, май шығаратын, алма кептіретін цехтар жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы Мәдениет үйі, «Жас ұлан» балалар үрмелі аспаптар оркестрі, 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана бар. Ауылдан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Бас мүфтиі Ә.Дербісәлі шыққан.
Дереккөздер
Санат:Түлкібас ауданы елді мекендері