Мұсылмандарға христиандармен қатынас ұстау рұқсат етілген, бірақ оларды бауырлар сияқты жақсы көру, соғыста оларға көмектесу харам. Ислам дініне қарсы христиандармен немесе басқа кәпірлермен бірігіп соғысу, оларға көмектесу діннен шығаратын күпір саналады«Науақид әл-Ислам», Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб.

Христиандар Құдайдың ұлы санайтын Иса пайғамбарды мұсылмандар яһудилерге жіберілген Аллаһтың елшісі санайды. Құранда Иса пайғамбардың кейбір кереметтері, оның аспанға көтерілуі баяндалған. Шариғат басқа пайғамбарларға құрмет етуді әмір еткен секілді Иса пайғамбарға да құрмет көрсетуді бұйырады, оны сөгуге, өтірікке шығаруға болмайды. Исламда Иса мен оның анасы Мәриям Аллаһтың керемет белгілері саналады, бірақ оларды құдай немесе жаратушы санатына көтергендер кәпір саналады.

Христиандар мұсылмандарға басқа діндерден гөрі жақынырақ саналады, себебі Құранда айтылған:

Бірақ Құранда олардың ішінде Исламға жау болып келетіндері туралы айтылған:

Дереккөздер

Санат:Ислам