Бірлік — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде, Мойынқұм құмының шығысындағы өте қуаң, қоңыржай ыстық агроклиматтық белдемде, Шу өзенінің аңғарындағы тоғайлар және астық тұқымдас әр түрлі шөптер өскен жерде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35883157 2866 90,8 1549 1435 92,6 1608 1431 89
Тарихы 1957-1997 жылдары аралығында қаракөл қойын өсіретін «Көктерек» кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде Бірлікте шаруа қожалықтары мен бірнеше ӨК-тер жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Тараз – Қарағанды автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері