Бұлан — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Бұлан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Шідерті өзенінің сол жағалауында орналасқан. Құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Онда бетеге, боз, селеу, көде, т.б. шөптесіндер өседі.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 825 адам (414 ер адам және 411 әйел адам) болса, 2009 жылы 624 адамды (290 ер адам және 334 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 515 адамды (255 ер адам және 260 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Бұланда өндірістік кооператив пен шағын шаруа (фермер) қожалықтары жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы елді мекендері