Шебершөп () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның далалық және таулы аймақтарындағы орман, бұталар арасында, шалғындарда өсетін 2 түрі (салалы шебершөп және орман шебершөбі) бар. Олардың биіктігі 50 — 120 см, сабағы тік, буындары қысқа түкті, бұдыр. Жапырақтары жалпақ, ашық жасыл түсті, ені 5 — 10 мм. Гүлшоғыры масақ кейде шашақ тәрізді. Масағы қысқа сабағында бір-бірден орналасады, 6 — 20 гүлді. Масақ қабыршағы әр түрлі, көп жүйкелі. Аналық аузы қауырсынды, отырыңқы. Маусым — тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Дәнегі созылыңқы. Шебершөп — бағалы мал-азықтық шөп, бұлардың шабындықтары 1 гектардан 35 центенрден астам құнарлы шөп береді.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы