Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан. 1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген. Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған. Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған. Фольклор саласындағы еңбектері Қысқа арнау, сықақ, насихат өлең-жырлар шығарған, қисса-дастандар, толғау-термелер жырлаған. Қазақ халқының эпостық жырларын жинаумен шұғылданған. Ә.Диваев Ақынбековтың айтуы бойынша “Алпамыс”, “Бекет батыр” дастандарын жазып алып, 1897, 1916, 1922 ж. жариялаған.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1863 жылы туғандар Санат:Кентауда туғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар Санат:Түркістанда қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақ фольклорын жинаушылар