Бұқарбай батыр ауылы — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Бұқарбай батыр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінің оңтүстігінде 13 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан. Өсімдіктерден кекіре, жантақ, өлең, қызылмия, жыңғыл, шеңгелдер басым.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2150 адам (1089 ер адам және 1061 әйел адам) болса, 2009 жылы 1983 адамды (998 ер адам және 985 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы 1930 жылдан Калинин ұжымшары болып келген. 1993 жылдан "Бұқарбай" ауылы деп аталады. Бұқарбай ауылдық округ құрамына кіретін “Асықата”, “Тұланбай”, “Қарой”, “Арықбалықты” елді мекендерінде күріш егумен айналысатын 4 шаруа қожалықтары және бір акционерлік қоғам ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана, мешіт, диірмен бар. Ауыл тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері