Ақандар (акан, акафо, камбоси, тон) — негізінен қазіргі Гана мен Кот-д’Ивуардағы этникалық топ. Жалпы саны шамамен 20-40 миллион адамды құрайды.

Тілі Тілдері 3 топқа бөлінеді: гонжа (абуре, бетибе), того (топшалар: биа, акан). Акан ква тілдерінің тано тармағының орталық тобына жатады, мұнда аброн тілімен тығыз байланысты (оның ішінде васа), ол акан топшасын құрайды. Ақанның өзі - фанти (мфантсе) және чви (тви) диалектілік топтарынан тұратын диалектілер жиынтығы, олар көбінесе жеке тілдер ретінде қарастырылады. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. 1978 жылы бірыңғай акан емлесін енгізу туралы шешім қабылданды, бірақ іс жүзінде үш негізгі диалектілер (аквапим, ашанте және фанти) әлі де өздерінің жазбаша стандарттарын қолданады.

Діні Халықтың басым бөлігі (77%) жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді (ата-бабаға табыну,т.б.), бір бөлігі христиандар (протестанттар мен католиктер), екінші бөлігі мұсылман-сүнниттер.

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок, таро, тәтті картоп, жүгері, тары, күріш, жержаңғақ, банан, май пальмасы, кола ағашы, көкөністер, қазір негізінен какао мен кофе өсірумен айналысады). Олар қалалардағы ағаш кесу, тау-кен және өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істейді. Дәстүрлі қолөнер түрлерінен тоқымашылық, керамика, ұсталық, алтын және басқа металдарды өңдеу, ағаш ою өнері дамыған.

Тұрмыс салты Ақандардың әлеуметтік құрылымы типтік матриархат болып табылады, олардың отбасындағы барлық нәрсе, оның ішінде тегі мен мүлкі аналық тегі арқылы анықталады, ал әйелдер жалпы қоғамның даму бағытын анықтайды. Басқару органдарындағы басшылық қызметтерді дәстүр бойынша ер адамдар атқарады, бірақ оларға құқық әйелдер туыстары – аналар, апалар және қыздар арқылы беріледі.

Дәстүрлі киімі – кенте (тоганың бір түрі).

Негізгі тағам – өсімдік тектес тағамдар (әртүрлі жармалар, бұқтырылған тағамдар, қайнатылған, қуырылған және пісірілген түйнектер және пальма майы мен ащы дәмдеуіштер қосылған көкөністер).

Дереккөздер

Санат:Гана халықтары Санат:Кот-д’Ивуар халықтары