thumb|left| alt=A.|Ботния шығанағы үстінде Ботния шығанағы — Балтық теңізінің солтүстік бөлігі, Швеция мен Финляндия аралығында. Ұзындығы 668 км, енді жері 240 км. Жағалаулары қатты тілімденген, кеме жүзуіне қолайсыз. Ең терең жері — оңтүстігінде (290 м). Шығанақтың басым бөлігін қыс айларында (кейде маусымның басына дейін) мұз басып жатады. Басты порттары: Васа, Оулу (Улеаборг), Пори — Финляндияда, Лулео, Умео — Швецияда. Швецияның тарихи аймағы — Ботнияның атымен аталған.

Санат:Балтық теңізі шығанақтары Санат:Швеция шығанақтары Санат:Финляндия шығанақтары