Вера Менчик (чех. Věra Menčíková, ағылш. Vera Menchik; 16.02.1906, Ресей, Мәскеу қаласы – 27.06.1944, Англия, Лондон) – шахматтан әйелдер арасындағы әлемнің тұңғыш чемпионы.
Биографиясы Ұлты чехиялық 1923 жылдан бастап Гастингс қаласындағы шахмат клубына мүше болып, ерлер арасындағы турнирлерге қатысты. Бапкері Дрюйттің жетекшілігімен теориялық білім алды. 1925 жылы Англияның чемпионы Прайспен екі матч ойнап, екеуінде де жеңіске жетті. 1927 жылы Лондонда өткен әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатынан бірінші орын алды. Неміс шахматшысы С.Графпен екі рет матчтық кездесуде (1934, Роттердамда) 3:1, (1937 Заммерин) 11,5:4,5 есебімен ұтып әлем чемпионы атағын сақтап қалды (1927 – 1944).
Ерлер арасындағы халықаралық турнирлерде де табысты өнер көрсетті: 1929 жылы Рамсгетте (Ұлыбритания) 2-орын, 1934 жылы Лондонда (Ұлыбритания) 2-орын, 1934 жылы Мариборда (Югославия) 3-орын, 1935 жылы Грейт – Ярмутда (Ұлыбритания) 3-орын, 1939 Монтевидеода (Уругвай) 3-орын алды. Менчик 1944 жылы Лондонда неміс авиациясының шабуылы кезінде қаза тапты.
Санат:Ресей шахматшылары Санат:Чехословакия шахматшылары Санат:Ұлыбритания шахматшылары Санат:Шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпиондары