Үңгір аюы () – аюлар тұқымдасына жататын қазбадан табылған аю түрі.
Үңгір аюы плейстоцен кезеңінің 2-жартысында (шамамен 400 мың жыл бұрын) Еуропаның оңтүстік және Азияның батыс аймақтарында тіршілік еткен. Қазақстанда оның қаңқа сүйектері Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарынан табылған.
Сүйек қаңқасының құрылысы қоңыр аюға ұқсас болған. Биіктігі 1,5 — 2 м. Ұрт тістері шошқаның тістеріне ұқсас және тегістеліп желінуіне қарағанда, өсімдіктермен қоректенген. Маңдай сүйектері сәл ойыстау, танау тесіктері сопақша келген. Ертеде тас ғасырында өмір сүрген адамдар оларды көп аулаған. Олардың қаңқа сүйектері үңгірлерден көп табылған, аты соған байланысты қойылған.
Ертедегі адамдар салған Үңгір аюыларының бейнесі Испания, Франция және бұрынғы КСРО мемлекеттері аумағындағы үңгірлерден табылған."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том thumb|left|Реконструкция
Дереккөздер
Санат:Аюлар Санат:Жойылған аю түрлері Санат:Плейстоцен сүтқоректілері Санат:1794 жылы зерттелген қаңқалар Санат:Үңгір фаунасы