Үшқорған – көне қала орны.
Орналасқан жері Жамбыл облысы Жамбыл ауданы жерінде.
Сипаты Қалашықты 1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Үшқорған — шаршы сипатты алаң. Ол биіктігі 3 м соқпалы дуалмен қоршалған. Соқпа қабырғаларының орталарында және бұрыш-бұрыштарында биіктігі 7 м мұнаралар бой түзеген. Қала шамамен XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Жамбыл облысы Санат:Қазақстан көне қалалары