Бөгетсай — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ауыл, Бөгетсай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Хромтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 47 км-дей жерде, трассамен 55 км. Ор өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1653 адам (814 ер адам және 839 әйел адам) болса, 2009 жылы 1354 адамды (643 ер адам және 711 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1430 адамды (711 ер адам және 719 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Бұрынғы кеңшар негізінде өндірістік кооператив құрылған. Ауылда мектеп, емхана, дәріхана, сауда орындары бар. Бөгетсай арқылы Ақтөбе — Қарабұтақ — Темірбек Жүргенов автомобильдік жолы өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Шаруашылығы Ауылдың тұрғындары мал бағу және шөп шабумен айналысады. Бөгетсай ауылында 30 дан аса шаруа қожалығы бар.
Тағы қараңыз Бөгетсай асбест кен орны
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы елді мекендері