'''“АЗИЯ” — республикааралық апталық газет Құрылтайшысы — “Казинпресс” концерні. 1992 жылдың қаңтар айынан Алматыда орыс-қазақ тілдерінде шығып тұрған. Көлемі 16 бет, қалыбы — А2. 20-30 мың данамен Орта Азия республикаларына, Әзербайжанға тарады. Шетелдерде меншікті тілшілері болды. Негізгі тақырыптары — экономикалық, саясат, орта азиялық мемлекеттер интеграциясы мәселелері. Газет 1995 жылы жабылды. Сілтемелер “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

Санат:Қазақстан газеттері Санат:Қазақ тілді газеттер Санат:Орыс тілді газеттер