Абдурахим (Абдураим) Низари (1770, Қашқар, — 1849, Тұрфан) — ұйғыр ақыны.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Өмірбаяны «Хан медресесінде» оқып, дін ілімін, араб, парсы тілін үйренген. Шығыс әдебиетімен, әсіресе Рудаки, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Омар Хайям, Сағди, Жәми, Әлішер Науаи шығармаларымен жете танысқан. Оқуды бітірген соң, Қашқар әмірінің бас хатшысы болды.
Шығармалары 1830–1840 жылдары Низари Зияимен бірге “Гәриплар хикаяты”, немесе “Махаббат дастандары” аталатын поэмалар топтамасын жазды “Фарһад-Шырын” “Ләйлі-Мәжнүн” “Рабийя-Саадин” “Мақсуд-Дилара” “Махзун-Гүлниса” “Вамук-Узра” “Шаһ-Бахрам” т.б. эпик. поэмалары осы топтамаға жатады). Әлішер Науаи үлгісінде көркемдік ерекшелігімен көзге түсетін көптеген лирик. туындылар қалды.
Оның “Фарһад-Шырын”, “Ләйлі-Мәжнүн” поэмалары түріктің классикалық әдебиеті үлгісінде аруз өлшемімен жазылған. “Рабийя-Саадин” поэмасының негізіне 19 ғасырдың 30-жылдарында Қашқарда болған нақты оқиға алынады. Екі жастың адал махаббатын жырлай отырып, Абдурахим қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікке өз наразылығын білдірді.
Дереккөздер
Санат:1770 жылы туғандар Санат:Қашқарда туғандар Санат:1849 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұрфанда қайтыс болғандар Санат:Ұйғыр ақындары Санат:Қытай ақындары