Генуя мектебі — Италиядағы жергілікті кескіндеме мектептерінің бірі (17 ғ.).
Оның қалыптасуына 16 ғ-дың 50-жылдарындағы Италия бейнелеу өнері мен осы жылдары Генуяда жұмыс жасаған фламанд суретшілері П.П.Рубенс пен А. ван Дейк ықпал еткен. Генуя мектебінің өкілдері, негізінен, діни мазмұндағы суреттер, портреттер салды. Мектептің аға буынының көрнекті өкілінің бірі — Б. Строцци. 17 ғ-дың ортасында Генуя мектебі пасторальды (малшылар өмірі) тақырыпқа бой ұрды (Дж. Б. Кастильоне және оның ізін қуушы А.Вассалло).
Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
мектебі