Аспара – Жамбыл облысы Шу алабындағы Қорағаты өзенінің оң жақ саласы.
Бастауы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтан (3940 м) бастау алады.
Гидрологиясы Аспара жоғарғы ағысында бірде кеңіп, бірде тарылып отыратын тау шатқалдарымен ағады. Төменгі ағысындағы аңғары кеңейіп, (800-1200 м) жазыққа айналады. Алабында шағын 5 көл бар. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 103,14 млн. м³ (3,27 м³/сек.). Негізгі салалары: Мақанды, Игермен, Аршалы. Ұзындығы 109 км, су жинау алабының ауданы 1210 км². Аспара суы егін суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы