Ершін , криптокодон () – қоңыраугүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратаудың тасты, тастақты беткейлерінде, жартастарда өсетін 1 түрі – дарабас Е. (С. monocephalus) бар. Биіктігі 10 – 15 см, тамыры жуан, оны қураған жапырақ сағақтары басып жатады. Сабақтары көп, тік өседі, қалың жапырақты. Төменгі жапырақтары сопақша (ұзындығы 7 см, ені 1,5 см) шеттері ұсақ тілімденген, сабақ бойындағылары ұзын, отырыңқы болады. Гүлдері жапырақ қолтығынан шығады, аса үлкен емес тығыз гүл басына жинақталған. Тостағанша жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын тіліктерге бөлінген. Күлтесі түтікті-қоңырау пішінді, ақшыл көк түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – эллипс тәрізді қорапша. Дарабас Ершін өте сирек кездесетін Қаратаудың реликт өсімдігі, таралу аймағы жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қазақ энцклопедиясы Дереккөздер
Санат:Қоңыраугүлділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер Санат:Монотипті өсімдіктер