Егінсу ауылдық округі – Жетісу облысы, Ақсу ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Егінсу ауылы, Құмтөбе темір жол бекеті кіреді. Орталығы – Егінсу ауылы.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Егінсу ауылы 579 586 101,2 304 293 96,4 275 293 106,5 Құмтөбе т/ж бекеті 19 25 131,6 14 10 71,4 5 15 300 Жалпы саны 598 611 102,2 318 303 95,3 280 308 110

Жер бедері, климаты Егінсу аумағы шөл, шөлейтті болып келеді. Шағыл-шағыл құм арасы құрғақшылыққа төзімді сексеуіл, тораңғы, жиде, шеңгел, жыңғыл сияқты бұтақты ағаштарға бай. Жазық жерлер мен ойдым-ойдым саздауыт ойпаттар еркек шөп, теріскен, ран, көкпек, изен-жусан, көк шалғынды. Көктем айларында қар суы кең жайылып, ояң жерлерде шабындық шөптің қаулап өсуіне жағдай туады. Шөл-шөлейт аймақтың қысы суық, аязды келеді, қар қалың түспейді, жазы ыстық, көктем, күз айларында құм үйірген қара құйын соққанда кейде көз аштырмайды. Солай дегенмен шағыл-шағыл жалаңбас құм төбешіктер қыс айларында ашық жататындықтан мал отарлауға қолайлы. Даласы елік, ақ бөкен, қара құйрық, жабайы шошқа, қоян, сары шұнақ, тағы басқа аңдарға, қырғауыл, шіл, қаз-үйрек сияқты құстарға бай. Сондықтан ел арасында “бұта түбі - бір асым ет” деген мақал қалған. Ертеде бұл жерлерде құлан, жолбарыс болғанын аңыз етеді. Бәрі жойылып біткен.

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы ауылдық округтері