Бояр – Батыс Қазақстан облысы Казталов, Бөкей ордасы аудандарының шекарасында орналасқан сор. Аралсор көлінің солт.-шығысында 25 км жерде. Енді жері 13 км. Солт-нде Ащықұдық құдығы, батысында Шегірткелі, Егіндік қыстаулары, оңт-нде Батпақ соры, шығысында Жалпақ соры жатыр. Жағалауының сортаңды сұрғылт қоңыр топырағында бетеге, боз, селеу өседі. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Санат:Сорлар Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы